Мұражайдағы жүздесу
Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық мұражайында 2014 жылдың 12 желтоқсанында "Бұғаудан алып шыққан ызғарлы желтоқсан" деген тақырыппен желтоқсан құрбандарын еске алу жиыны өтті. Бұл іс-шарада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы, доцент Өтеген Исенов қатысушы студенттер мен оқушыларға тәуелсіздікке жеткен қазақ елінің тарихы мен 1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасы, оған қатысушы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова жайында айтып, тәуелсіздік туралы терең мағлұмат берді. Іс-шараны ұйымдастырушы мұражайдың ғылыми қызметкері Шынар Досмағамбетова еске алу кешін қорытындылап, ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, жастарды Отанын сүюге, еліне, халқына адал қызмет көрсетуге шақырып, ел тарихына шолу жасады. Тәуелсіздік мерекесімен жиналған жас ұрпақты құттықтады.