Құрметті ауыл шаруашылығы қызметкерлері!

Saduakasov novayaБұл мереке – барлық ауыл еңбеккерлерін құттықтауға, сіздерге игі, жігерлі еңбекте-ріңіз үшін алғыс айтуға  лайықты себеп.
Биылғы аграрлық жыл облыстың барлық шаруалары үшін ауыр болды. Қолайсыз ауа райы жағдайлары дәнді дақылдардың уақтылы пісіп, жетілуіне, ал кейіннен егінді жинап алуға кедергі жасады.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығы атап өтіліп отырған жылы қостанайлық диқандар шын мәнінде тыңға лайықты мінездерін, ауылшаруашылық саласының жақсы дәстүрлеріне шынайы берілгендіктерін көрсетті.
Егін жинау жұмыстарының қорытындылары бойынша облыс аграршылары 4,5 млн. тоннадан астам дән бастырды, орташа шығымдылығы бір гектарына 11 центнерден айналды.
Ауыл шаруашылығының елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, мемлекет тарапынан агроөнеркәсіп секторын қолдау шаралары қабылдануда.
Тек 2009 жылдан бастап қана облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 202 млрд. теңге салынды, оның 65 млрд. теңгесі – қайтарымсыз қаражат.
Басымдықты бағыт – агроөнеркәсіптік секторын одан әрі әртараптандыру. Майлы, жарма, көкөніс, мал азығындық дақылдар алқаптары жоспарлы түрде кеңейтілуде. Соңғы 5 жылда АӨК саласында 111 инвестициялық жоба іске асырылды.
Ұланғайыр аумақтары бар Қостанай облысы үшін, Президент бекіткен – "Сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламалары мал шаруашылығын дамытуға қуатты қолдау береді.
Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының арқасында ауылдарды абаттандыру, қалпына келтіру және жаңа әлеуметтік, коммуналдық нысандарын салу жүргізілуде.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді  кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, сіздердің отбасыларыңызға құт-береке, біздің Отанымыздың игілігі жолында жаңа еңбек бастамаларын тілеймін!
Біздің облысымыздың ауыл шаруашылығында лайықты нәтижелерге қол жеткізу үшін жақсы перспективалардың барлығына сенімдімін.
Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓