Әріптес туралы әңгіме

ЖЖақында Қостанайдың «Шапақ» баспасынан белгілі қаламгер, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы Жақсылық Жүнісұлының шығармашылығы мен өмір жолына арналған «Қарымы бөлек қаламгер» атты  кітап жарық көрді. Оған ұлт зиялыларының, әріптестерінің, оқырмандардың Жақаң туралы пікірлері, ақындардың арнау өлеңдері, кейіпкердің ел арасына кеңінен тараған әзілдері енген.
Баспасөзде табан аудармастан елу жылдан астам еңбек еткен журналист-жазушының қаламынан сан алуан тақырыпқа жүздеген, мыңдаған деректі шығарма туды. Солардың ең бір елеулі дегендері жеке кітап болып та шықты.
Ал қолымызға тиген жаңа кітаптың болмыс-бітімі мүлдем басқа. Барлық дүниеде Жақсылық Жүнісұлының шығармашылық зертханасына талдау жасалып, пікір айтылады. Дуалы сөзді Темірбек Қожакеев, Серік Әбдірайымұлы, Сабыржан Шүкіров, Орысбай Әбділдәұлы, Қайсар Әлім, Ахметқан Байжан және басқа белгілі қалам шеберлері айтып, журналист-жазушының ізденісі мен шеберлігіне ерекше  жоғары баға берген.
Мұхтар Ходенұлы, Серәлі Жәкетов, Еркін Қожахметұлы, Жұмағали Өмірбек және басқа оқырмандар пікірі де автордың жан-жақты қырын аша түседі.
Ал, кітаптың «Өлеңмен өрнектелгенде» атты тарауында Серік Тұрғынбеков, Назарбек Бектемісұлы, Ғалымбек Әбілхайыров, Байдақ Молдашев және басқа ақындар ағынан жарылады.
Ал кітапты құрастырып, басып шығару үшін көп күш-жігер жұмсаған Сапар Әбілкәкімтегі әріптесіне достық  әзіл жазып, оның бірқақпай әзіл-әжуаларын осы кітапқа әдемі кірістірген.
Бұл туынды әріптесіміздің шынайы болмысы мен қадір-қасиетін оқырманға кеңірек таныстыратын тартымды туынды болып шыққан.
Сәлім
     МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓