Сатушы 6 жылға сотталды
Өткен жылдың қазан айында орталық базардағы бір дәмханада төрт сатушы әйел ішімдік ішіп, соңы жанжалға, тіпті кісі өлімімен аяқтала жаздаған болатын. Өзінің жеңілісін қор санаған сатушы Егорова сол жерде бөтелкелесін пышақтап тастайды. Абырой болғанда жәбірленуші дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында аман қалады. Қасақана кісі өлтірмекші болған айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, сот залынан қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.