Депутаттар сайлауы: кандидаттарды тіркеу науқаны аяқталды

Парламент Мәжілісі депутаттығына Қостанай облысынан 12 кандидат тіркелді. Сайлау нәтижесінде олардың біреуі ғана мандат иеленбек. Үміткерлер тізімін облыстық сайлау комиссиясы сайтынан оқуға болады.
Кандидаттардың үшеуі АМАНАТ, "Ауыл" және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан саяси додаға түспек. Қалған тоғызы өздерін ұсынып отыр. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, мәслихат депутаты болуға ниет білдірушілер саны соншалық көп емес. 16 орынға 57 адам үміткер. 
Ал ОСК ақпаратына сүйенсек, ел көлеміндегі 29 сайлау округіне Мәжіліс депутаты болудан үміткер 435 адам тіркелген, орта есеппен алғанда, әр орынға 15 адамнан келеді. Олардың орташа жасы – 49. Ең жасы – 32-де, ал ең егдесі 73 жаста. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓