Жаңа бас имам
Аманкелді аудандық "Сатыбалды Ишан" мешітінің бас имамы болып Нұрсұлтан Шәмшиден сайланды.
Он жылға жуық уақыт Жандарбек Қажы Мүбәрәкұлы аудандық мешіттің бас имамдық қызметін абыроймен атқарды. Ел ішінде ислам дінінің кеңінен таралуына көптеген жағдай жасаған болатын. Ж. Мүбәрәкұлының имам боп тұрған кезінде әр жыл сайын діни оқу орынға баратын балалар саны артты. Мешіт күрделі жөндеуденде өтті. Сонымен қатар мешіттің іші жамағатқа толды. Аудандағы ислам дінінің тұрақтылығы үшін жоғарғы деңгейде еңбек етті.
Келген жаңа бас имам ауданға қарасты Есір ауылының тумасы. 2011-2014 жылдары "Астана" медресесінде, 2014-2017 жылдар аралығында Алматы қаласындағы "Нұр-Мүбәрак" университетінде оқыған. Елордадағы "Садуақас қажы Ғылмани", "Ақ мешіт" сынды мешіттер де наиб имам болып қызмет атқарған. Былтырғы жылдан бүгінгі күнге дейін Есір ауылында 2022 жылы ашылған намазханада имам болып қызмет істеді.
Жаңа имамды сайлауға аудан әкімі Талғат Карбозов, жергілікті билік өкілдері, мешіт жамағаттары және ел тұрғындары қатысты. Бұрынғы бас имам Жандарбек Әмірхамзин Қостанай қаласындағы "Марал Ишан" мешітіне найб имам қызметіне ауысты.
Б. МИРАМҰЛЫ,
Суреттерді түсірген автор.
Аманкелді ауданы.
Суреттерді түсірген автор.
Аманкелді ауданы.