“Жарықтық” қаражат мәселені шеше ме?

Қостанайлықтар көшені жарықтандыру мәселесіне байланысты жиі шағым айтады. Қала қазынасынан ТКШ саласына қыруар қаржы бөлінсе де неге бұл түйткіл толық шешілмей келеді? Бұған шаһар басшылығы қалай жауап берді?
"Жыры бітпеген" жарықтандыру жұмыстарына биыл қаражат өткен жылғыдан екі есе көп бөлінген. Былтырғы бюджет қаржысының есеп-қисабын қала әкімдігінің Қаржы бөлімі жетекшісі шотқа салып берді.
"ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміне 18,7 млрд теңге бөлінді. Бұл – былтырғымен деңгейлес сома. 2022 жылы 267 көшені жарықтандыру және жалпы қызмет көрсетуге 991 млн теңге бағытталды. Аталған сома құрылғылар қалпын сақтау және көшені жарықтандыру желілерін жөндеу, электр энергиясының құнын төлеуге жұмсалды", – дейді Раиса Айтқожинова.
Ал қала әкімінің пікірінше, осы жылға еншіленіп отырған қаражат бұл мәселені шешуге жол ашпақ.
"2023 жылы 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Біз бұл туралы бұған дейін де айттық. Үкімет резерві және бар, облыс әкімі де көмек көрсетеді. Бұл бірқатар көшелерді жөндеуге, жаңа көшелерді жарықтандыруға, сол арқылы тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді", – деді қала әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓