Жастар – ел ертеңі
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Елорда – елдің бірлігі” атты сайысқа аудан бойынша әр салада қызмет етіп жүрген жас мамандар қатысты.
Ұлт санасында елдің тарихы жайлы ой толғату, жастардың бойына патриоттық, ұлттық болмыстың жағымды көрінісін қалдыру, аудан жастарының белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста “Нұрлы ел”, “Туған жер”, “Қазақ елі” сынды үш команда бақ сынады. Төрт түрлі тапсырма бойынша әзірлеген сұрақтар қойылды. Білімділік қабілетті тексеру мақсатында қойылған логикалық сауалдарға тұшымды жауаптар алдынды. Әр команда өз деңгейіне сай тартымды, қызықты етіп ойын көрсетті. Аудан жастарының білімділігі мен парасатының жоғары екендігін де көрсете білді. Нәтижесінде, бірінші орынды "Нұрлы ел" командасы жеңіп алды. Жеңімпаз командаға арнайы диплом тапсырылып, сыйлықтар табысталды.
Бибіт Нұрмұханов
Аманкелді ауданы.