Азаматтық міндетке алғашқы қадам
Сайлаушылардың арасында кәмелет жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп жатқандар да бар. Солардың бірі – 18 жасар қостанай қаласының тұрғыны Ілияс Нығметжан.
Ілияс – ЧелМУ-дің Қостанайдағы филиалында 1-курста оқитын студент. Жас сайлаушы заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр екен.
–Бүгін дауыс беру үшін сайлау учаскесіне анаммен бірге келдім. Сайлауға қатысуыма болатынын естігенде қатты қуандым. Ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Алғаш рет дауыс берген соң бойымда аздап қобалжу да бар, – дейді ол.
Өз құрдастарының алды болып келіп, таңдау жасаған Ілиясқа сайлау комиссиясының мүшелері сыйлық табыстады.
Әсел Қибаш