Жигули Дайрабаев Байзақ және Жуалы аудандарының тұрғындарымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Жамбыл облысындағы Байзақ және Жуалы аудандарына барып, осы аймақтағы ауыл тұрғындарымен кездесті. Жұртшылықпен кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жобалар, әсіресе кооперативтердің жұмысы төңірегінде сөз қозғалды.
Кандидат Жигули Дайрабаевтың пікірінше,еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен әл-ауқатын арттыру барысында ауыл шаруашылық кооперацияларын құру өте маңызды.
«Ұсақ шаруашылықтар мен қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге тартып, бəсекеге қабілеттілігін арттырып, ауыл шаруашылық тауар өндірісін жолға қойып, жүйелі агроөнеркәсіп кешендерін қалыптастыруды жедел қолға алу – уақыт талабы. Сол арқылы елімізде азық-түлік базасын нығайтып, ішкі және сыртқы нарықты экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз етуге жол ашамыз»,– дейді Жигули Дайрабаев.
Кездесуге арнайы келген шаруашылық иелері де Жигули Дайрабаевтың бұл пікірімен толықтай келісті. Сала мамандарының айтуынша, еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады. Сонымен қатар, өндіріс ошақтарының техникалық жабдықталуы да айтарлықтай жаңарады деген пікірде.
Кездесу соңында кандидат барша жиналған қауымды еліміздің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.
«Бүгінде біздің алдымызда үлкен мақсат-міндеттер тұр. Ол үшін біз жұмылған жұдырықтай бірігіп, жаңа бастамаларды іске асыруды қамтамасыз етуіміз керек. Бірлігі жарасқан елдің ғана босағасына береке ұялайды. Егер әрбір азаматтың мүддесі мемлекет мүддесімен ұштасып, ел бірлігін нығайту жолында аянбай еңбек етсе, Қазақстанның алмайтын асуы, бағындырмас биігі болмайтынына сенімдімін», – деп аяқтады өз сөзін Жигули Дайрабаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓