ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ұлытау облысына аттанды

ҚР Президенттігіне кандидат Қажыкен Мейрам Зекешұлының сайлауалды үгіт-насихат науқаны жалғасуда.
2022 жылдың 25 қазанында ол үгіт-насихат жұмысы аясында жаңадан құрылған Ұлытау облысына барды. Мұнда кандидат Қ. И. Сәтбаев ат. (Kazakhmys корпорациясы құрамына кіреді) Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездеседі. Сондай-ақ, ол еліміздегі ең ірі салалық кәсіподақтардың бірі "Кәсіп Қорған" мүшелерімен кездесу өткізеді. Ұйым құрамында тау-кен металлургия кәсіпорындары мен аралас өндіріс орындарының қызметкерлері бар.
Үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілері жайлы баяндап, кейбір басым бағыттарына толығырақ тоқталатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓