Кулагин Қостанай облысының құрметті азаматы атанды

Облыстық мәслихат депутаттары экс-әкім Сергей Кулагинге мәртебе беру туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Тобыл-Торғай өңірінде 2004-2012 жылдары әкім болған шенеунікке қала күні қарсаңында «Қостанай облысының құрметті азаматы» атағы берілгелі отыр.
«Сергей Витальевич – мемлекет және қоғам қайраткері. Көптеген мемлекеттік марапаты бар. Көкшетау қаласының құрметті азаматы. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды. Қостанай облысында әкім болып тұрғанында өңірдің дамуына зор үлес қосты», – деді сессия отырысында облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов.
Оған атақ беруді экс-мәжілісмен Сергей Жалыбин бастап, жергілікті әлеуетті кәсіпкерлер және бұрынғы аудан басшылары ұсынған.
Айта кетейік, ол Рудныйдағы Иоанн Богослов шіркеуінің күмбезіне өз суретін салдыруымен қостанайлықтардың есінде қалған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓