Жітіқаралықтар экзотикалық өсімдіктерді баптап отыр

Жітіқаралық бағбандар гектарға жуық алқапта өсімдіктің жүзге тарта түрін өсіріп отыр, деп хабарлайды 24.kz.Ең алғашқы отырғызылған өсімдік лавр ағашы болды. Қазір оның биіктігі жеті метрге жетеді. Ал лайм (лимон түрі) ағашы қазірдің өзінде жеміс беріп жатыр, бірақ лайммен будандастырылған апельсин әзірге мәуе берген жоқ. Сондай-ақ, мұнда қияр өсіру жақсы жолға қойылған.
Жылыжайда сирек кездесетін гүлдердің де түрі көп. Мысалы, түрлі-түсті каллалардың үлкен плантациясы және хризантемалардың 20-дан астам сұрыбы бар. Енді бой тартып келе жатқан питахая гүлін жылыжай иелері ерекше мақтан тұтады. Бұл өсімдіктің екінші атауы – айдаһар көзі. Оның отаны – Америка құрлығы.
Жақын арада жылыжай иелері тамшылатып суару жүйесін енгізуге ниетті. Бұл экзотикалық өсімдіктердің санын көбейтуге ықпал етеді.
"Біз жақын арада шампиньондар өсіруді және аз көлемде құлпынай атыздарын салу эксперименттерін жүргізуді жоспарлап отырмыз. Егер олардың өсу бейімділігі жақсы болса, біз оларды өндірістік жолға қойып, сатумен айналысамыз деп отырмыз. Менің тағы бір арманым бар — мұнда итальяндық асүй мәзіріне қажетті жемістерді толығымен егу. Өзім соны ұнатамын", – дейді жылыжай кәсіпорнының директоры Саян Сайран.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓