Спорттық сайыс
Қаламызда «DENI SAU URPAK – ULT BOLASHAGY» денсаулық және спорт іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" жобасы аясында спорттың 3 түрінен облыстық лига өтті. Олар шағын футбол, волейбол, және баскетбол бойынша ойындары. Ойын Аэропорт шағын ауданындағы №29 мектеп базасында болды. Шараны жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Барлығы 31 команда қатысты. Оның ішінде 12 футбол командасы, 12 волейбол және 8 баскетбол командасы қатысып өз бақтарын сынады.
– «Жобаны іске асыру мақсаты денсаулық және спорт іс-шараларының кешенін ұйымдастыру және өткізу. Шараның мақсаты спорт саласындағы жастарға қолдау көрсету, Қостанай облысының жастары арасында саламатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дамыту. Спорттық сайысқа қатысушылар барын салып, жақсы ойын көрсете білді. Шарамыздың күз айында жалғасын табатын болады», – дейді жастар бастамалары секторының басшысы Гүлбарам Төлебаева.