Ел болашағының бастамасы

Торғайлықтарда ҚР Конституциясына енгізілетін толықтырулардан құр қалмауда. Керісінше, белсенділік көрсетіп, маңызды істің жүзеге асуына мұрындық болуда. Ел ақсақалдары мен жастары бір кісідей референдум учаскелеріне барып, азаматтық көзқарастарын танытып, дауыс беру үстінде. Таңғы 7:00-де басталған саяси науқанға тұрғындар жақсы пікірлерін білдіріп, келер ұрпақтың қамы үшін жасалғалы отырған өзгертулерді қолдайтындықтарын білдіруде. Сонымен қатар сағат 8:00-де Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов №304 референдум учаскесіне барып, дауыс берді.— Айта кетейік мемлекет басшысының ел тарихына елеулі өзгерістер енгізуге байланысты ағымдағы жылдың 5-ші маусым күнін референдум екенін барлық БАҚ өкілдерінде мәлімдеген болатын. Бұл біздің елімізде орын алып жатқан өте үлкен тарихи оқиға. Ел болашағының бастамасы референдум деп ойлаймын. Таң ертең менде азаматтық міндетімді орындап, өз дауысымды бердім, — дейді Жанкелдин ауданының әкімі Шота Оспанов.Ескере кететін бір жәйт аудан бойынша барлығы 24 учаскі жұмыс жасаса, аудан орталығында 4 учаскі қызмет көрсетуде.
 
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Жанкелдин ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓