Бар жақсылық – балаларға!

Балалар – болашағымыз. Өміріміздің жалғасы. Ізгі істеріміздің жалғастырушысы. Келешекке деген аппақ үміттеріміз. Балалардың күлкісіне тең келер әлемде ешқандай бақыт жоқ. Біз қашанда балаларымызбен бақыттымыз.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қостанай облысы боынша департаментінің әскери қызметшілері қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шекара сақшылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "№2 Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған "Қостанай арнайы" балабақша-мектеп – интернаты" КММ балаларын мерекелерімен құттықтады. Балаларға түрлі сыйлықтар табыс етті. Жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Шара соңында кешеннің директоры Гүлшат Жұмабаева шекарашыларға үлкен рахметін жеткізді.  Мейрам сайын тәрбиеленушілерге уақыттарын бөліп, арнайы келіп жүрген Отан қорғаушылардың еңбектеріне толағай табыс тіледі.
 
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓