Эпидахуал:+ 31

4 наурызда Қостанай облысында коронавирус 31 адамнан табылды.Атап айтқанда: Қостанай қ. – 7, Рудный қаласы және Қостанай ауданында– 4, Лисаков қаласы, Қарабалық, Қарасу және Б.Майлин аудандарында – 2, Жітіқара қаласы, Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Қамысты Сарыкөл, Мендықара және Федоров аудандарында – 1 адамнан.
26 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 2 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 27 адамда ауру белгілері болды, 4 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 4 наурыз аралығында COVID-19-ды 53 420  адам жұқтырған.м Емделіп шыққан адамдардың саны – 52 907. 
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 358 050 адам, екінші компонентпен 342 665 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓