Жітіқара аудандық мәдениет сарайында «Өз жұлдызыңды жақ» деп аталатын шығармашылық фестиваль өткізілді.
Тағдыр тауқыметін тартқан қамкөңіл жандар арасында өткен өнер додасына жергілікті мүгедектер қоғамының өкілдері, жас балғындар қатысты. Сонымен қатар, фестиваль аясында облыс орталығынан арнайы келген Аруна Жақсығұлова және облыстық мүгедектер қоғамының өкілдері де өз шеберліктерін паш етті.