Жүкті әйелге жәрдемдесті

Құтқарушылар ақтүтек боранда Арқалық қаласының тұрғыны, жүкті әйелдің ауруханаға жетуіне көмектесті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 
"Күні кеше Арқалық маңындағы Мирный ауылынан жүкті әйелді шұғыл ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы қоңырау түсті. Сағат 16:05-те құтқару бөлімшесінің қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты. Әйелдің айтуынша, қатты боранның және омбы қардың кесірінен құтқарушылар болмағанда өз еркімен ауруханаға жете алмас еді", – дейді облыстық ТЖД мамандары.
Сағат 17:25-те құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері мекенжайға жетіп, әйелді қалалық ауруханаға жеткізген. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓