Эпидахуал: +586
31 қаңтарда Қостанай облысында коронавирус 586 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 209, Рудный қ. – 153, Жітіқара қ. – 74, Әулиекөл ауданы – 36, Арқалық қ. – 30, Қостанай және Қарабалық аудандарында – 27, Лисаков қ. – 24, Науырзым және Сарыкөл аудандарында – 2, Амангелді және Ұзынкөл аудандарында – 1 адамнан.
551 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 28 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 7 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 554 адамда ауру белгілері болды, 32 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы,Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 30 қаңтар аралығында COVID-19-дың 47 969 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққан адамдардың саны – 42 364.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 353 065 адам, екінші компонентпен 334 344 адам вакциналанды.