Хатико жобасы үздік атанды
«Перекресток» қоғамдық қоры «Қазақстандағы үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауында үшінші орынға ие болды. Байқауға еліміздің әр аймағынан 143 түрлі әлеуметтік жоба қатысқан. Нәтижесінде қостанайлық «Хатико» жобасы жүлделі орынға қол жеткізді. Мүгедектерге арналған «Хатико» бейімдеу орталығы «Перекресток» ҚҚ мен ҚР-дағы жапон елшілігі арасындағы келісім-шарт негізінде салынған болатын. Онда облыстағы мүгедек жандар психологиялық кеңестер мен ем-дом шараларын қабылдайды.
Сурет Костанайские новости сайтынан алынды