Ақылы екпе алғысы келетіндер бар
Қостанай облысының 500-ге жуық тұрғыны Pfizer-ді ақылы түрде салдыруға әзір екенін айтқан. Бұл туралы бүгін, 10 желтоқсанда вакцинация қорытындысы бойынша дәстүрлі брифингте хабарланды.

«Қазіргі уақытта ревакциналау екі компонентті екпеден кейін 6 айдан соң белсенділігі жойылған вакцинамен жүргізіледі. Pfizer вакцинасы тек жүкті, бала емізетін аналар мен жасөспірімдер үшін әкелінді», – деді спикер.
Бексұлтанованың атап өткендей, бүгінге дейін Pfizer-мен 2 300 жасөспірім, 450 бала емізетін ана және 51 жүкті әйел ектірілген.
«Ал вакцинаның қанша тұратыны және ақылы екпе қашан басталатынын әлі белгісіз. Бірақ оған ниет білдірушілерді тіркеу Қостанай қаласының №1, №4 емханаларында және Рудный қаласының № 2 емханасында жүргізілуде», – деді А.Бексұлтанова.
Облыстағы бас санитар дәрігердің орынбасары Юрий Севостьяновтың айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясын 40 мың 638 адам жұқтырған, оның ішінде 4346-сы 14 жасқа дейінгі балалар.
Сондай-ақ індет белгілері 18 жүкті әйелде анықталған, олардың алтауы жансақтау бөлімінде, біреуі ауыр жағдайда жатыр.