Жас домбырашылар флеш-мобы

Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен мұғалімдері ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Атап айтқанда, «Ұлы дала мұрагерлері!» атты домбырашылар флэш-мобы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Аталған мерекелік іс-шара дәстүрлі түрде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 1000 астам қатысушысынан тұратын домбырашылар оркестрі қазақ композиторлары мен күйшілерінің шығармаларын орындап шықты.
Бұл іс-шараның мақсаты – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел өркендеуі үшін жасаған игі істерін үлгі етіп, қолдау білдіру, ұлттық аспабымыз домбыра мен ұлттық өнеріміз күйді насихаттап, оқушылар бойына көшбасшылық, елжандылық қасиетті сіңіру.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓