Жаңа кітап
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» және «Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар және фактілер туралы тарих» мерейтойлық кітаптарынның тұсаукесерін өткізді
Салтанатты жиын алдында ерлікпен қаза тапқан шекара қызметкерлеріне гүлшоқтары қойылып, жауынгер қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Рәсімге қатысқан ресми делегация құрамында ҰҚК облыстық департамент өкілдері, ардагерлер және мектеп оқушылары болды. Рәсімнің ресми бөлімі аяқталғаннан кейін ҚР Республикалық ұланының үрмелі аспаптар оркестрі Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Содан соң Құрметті қарауыл ротасы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті. Мерекелік жиын шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар туралы мерейтойлық кітаптардың тұсаукесерімен жалғасты.
«Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету және мемлекетіміздің шекарасын қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды. Өкінішке орай, олардың кейбіреулері өздерінің қызметтік қарыздарын өз өмірлерінің бағасымен орындады. Басылымға тек құпиясыздандыруға болатын нәрсе кірді. Кітап нақты адамдар, оқиғалар мен фактілерге негізделіп, тікелей қатысушыларының эмоцияларымен байланысты қатаң деректі стильде жазылған»,- дейді ҰҚК облыстық департаментінің бастығы Сергей Климчук.
Салтанатты жиын барысында «Отандық арнаулы қазмет хроникалары» атты кітапта көрсетілген оқиғалардың тікелей қатысушылары ретінде қызмет барсында танытқан кәсіби біліктілігі, борышқа адалдығы, ерлік пен жанқиярлығы үшін ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Ерлан Меркенұлы және Азамат Әмірбекұлы, майор Азамат Болатұлы, аға сержант Мұрат Мырзағалиұлы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» мерейтойлық төсбелгісімен және ҰҚК Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік шекара» атты кітапқа енген ерлік оқиғаларының кейіпкері ретінде, мемлекеттік шекараны күзету ісіне сүбелі үлесін қосқан, жауынгерлік қызметінде адалдық танытқаны үшін ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалімен және ҰҚК Төрағасының Алғыс хатымен ШҚ Қотсанай облысы бойынша департаментіне қарасыты «Обаған» шекара бөлімшесінің бастығы, майор Құрмет Жанарбекұлы марапатталды.
«Қоғам дамуына үлес қоса алатын үлгілі еңбек, өсіп келе жатқан жастарға тәуелсіз еліміздің тыныштығы шекарадан басталатынын үйрететін үздік шығарылымдардың бірі. Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекетіміздің шекарасын қорғауға лайықты үлес қосқан жедел әрекет ету қызметкерлері мен шекарашылардың қызметтері туралы жақсы жазылған»,- деп пікір білдірді ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті жанынлдағы филиалының мүшесі, ардагер Валерий Петрович.
«Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі айтулы деген деген оқиғалар іріктелген. Кітап шекараның алдамшы тыныштығы, жасыл күнқағарлылардың тынымсыз күндері, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешірген шиеленіске толы оқиғаларымен ерекшеленді. Кітапты қолына алып, беттерін ашқан сәттен бастап, оқырман өзін кейіпкерлермен бірге қаруын серт ұстап, тау асып, тас басқандай, су кешіп, теңіздің толқындарына қарсы жүзгендей әсер алады.
Салтанатты жиын соңында қатысушыларға мерейтойлық кітаптар табыс етілді.