Жанның кезекті жеңісі (ВИДЕО)

Ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы, жерлесіміз Жан Кособуцкий доминикандық Алексис Гарсияны нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz сілтеме жасап.
Гамбургте өткен жекпе-жек он раундқа есептелген болатын. Алайда Жан төртінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірді, ал бесіншісінде техникалық нокаутпен жеңді. 
Кособуцкий осы айқаста WBC International Silver белбеуін иеленді. Жерлесіміздің бұған дейін WBA International титулы бар болатын. Бұл – Жанның  кәсіпқой рингтегі 17-ші жеңісі. 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓