Кезектен тыс сессия өтеді
2021 жылғы 8 қазанда сағат 10:00-де онлайн режимінде Қостанай облыстық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы өтеді. Жиынды Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С.Е. Ещанов жүргізеді. Сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. Мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 570 «Қостанай облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Мәслихаттың 2017 жылғы 10 ақпандағы № 111 «Қостанай облысында іске асыру жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3.Қостанай қаласында 50 метрлік бассейн салу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы
4. «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
5. Мәслихаттың 2014 жылғы 04 сәуірдегі № 272 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Мәслихаттың 2017 жылғы 16 тамыздағы № 181 «Қостанай облысы әкімдігінің жанынан шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 қарашадағы № 330 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту және мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8. Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 "Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 5 «Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9.Мәслихаттың 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 365 "Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сараптамалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10.Облыстық жер комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту туралы.
11. Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 "Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
12.Мәслихаттың 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 5 "Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Анықтама телефоны: 87142575600, 575604.