Клиникалар қатары толықты

Бүгін Қостанай қаласында стоматологиялық клиника ашылды. Оған өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-Медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру әрқашан мемлекеттік саясаттың басым бағыты болмақ. Облыс аумағында денсаулық сақтау саласын дамыту бағытында жүйелі шаралар қабылдануда. Жаңа нысандар салынып, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар сатып алынып жатыр. Жыл сайын облыс тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы 3,5 млн-нан астам қызмет көрсетеді. Тағы 300 мыңнан астамы стоматологиялық қызмет көрсетеді, – деді өңір басшысы.
Жаңа «№1 стоматологиялық клиника» ЖШС ашылуы қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызғалы отыр. Аталған жобаға 441 млн теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Оның ішінде медициналық жабдықтарға 110 млн теңге жұмсалды. Бұл мекеме 40 адамды жұмыспен қамтыды.
Сонымен қатар, балалар мен ересектерге стоматологиялық көмек көрсету үшін мұнда бір уақытта 17 білікті маман жұмыс істейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓