COVID-19: +156
13 қыркүйекте Қостанай облысында коронавирус 156 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 80, Рудный қ. – 22, Денисов ауданы – 10, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Қостанай аудандарында 9 – дан, Б.Майлин ауданы – 5, Қарабалық және Қарасу аудандарында 4 – ден, Сарыкөл ауданы – 2, Қамысты және Федоров аудандарында – 1.
138 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 17 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 1 адам профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 145 адамда ауру белгілері болды, 11 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 13 қыркүйек аралығында COVID-19-ды 31 486 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 358.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап, бірінші компонентпен 309 839 адам, екінші компонентпен 268 275 адам вакциналанды.