Тіл оқытудың әдіс-тәсілдері
Қостанай ауданындағы тілдерді оқыту базасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен "Қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" атты семинар болып өтті. Оған өңірдегі барлық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары қатысты.

Семинар аясында облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Қ. Ырғызбаева "Қазақ тілін оқытуда интербелсенді тәсілді қолданудың ерекшеліктері", Қарасу ауданы тілдерді оқыту орталығының әдіскері Т. Әлім "Қазақ тілін оқытудағы көркем-әдеби шығармалардың рөлі", Сарыкөл ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Л.Мурсалина "Қазақ тілін оқытудағы саяхат-сабақтың үлгісі", Қостанай ауданы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы С.Нұрғазина "Тыңдаушыларға қазақ тілін үйретудегі ұтымды грамматикалық құрылымдар" тақырыптарында оқыту сабақтары бойынша өздерінің әдіс-тәсілдерімен, тәжірибелерімен, инновациялық оқыту технологияларымен бөлісті.
Гүлназым
САҒИТОВА