Ғылымға қолдау зор болмақ

Ел тәуелсіздігінің құрдасымын. Сондықтан, мемлекетіміздің жетістері өзгелерден гөрі маған ерекше әсер ететін сияқты болады да тұрады. Осы берекелі тірлікті сақтап, одан әрі жалғастыруға әр азамат жауапты болуға тиіс.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында ғылымға қолдау көрсету туралы тапсырмалар берді. Жас ғалым ретінде мен осы тұсына айрықша тоқталғым келеді. Бұл саладағы түйткілдерді табу үшін жыл соңына дейін заңнамаға өзгерістер енгізілуі мүмкін.
«Ең алдымен, жетекші ғалымдарға тұрақты және өз еңбегіне лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу керек», – деген Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ғылыми зерттеу институттарын тікелей қаржыландыру тәртібін тапсыратынын айтты.
Ғылым саласын гранттық қаржыландыру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартылатыны да біз секілді жас ғалымдарды одан әрі шабыттандыратыны анық. Қазір ғылымның дәуірлеген заманы. Ғылымы дамымаған елдер барлық жағынан артта қалып жатқаны бәрімізге белгілі. Сондықтан, замандастарымды, іні-қарындастарымды ғылымға шақырамын.
Рүстем БЕЙІШОВ,
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ докторанты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓