COVID-19: +245
30 тамызда Қостанай облысында коронавирус 245 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 118, Рудный қ. – 33, Қостанай ауданы – 18, Мендықара және Б.Майлин аудандарында – 13, Әулиекөл ауданы – 12, Жітіқара қ. – 8, Денисов ауданы – 7, Алтынсарин ауданы – 6, Қарабалық ауданы – 4, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында – 3, Жангелді, Қамысты және Федоров аудандарында – 2, Амангелді ауданы – 1.
203 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 41 адам коронавирус инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 218 адамда ауру белгілері болды, 27 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 30 тамыз аралығында COVID-19-ды 28 704 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 25 179.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 296 036 адам, екінші компонентпен 242 206 адам вакциналанды.