Қос батырға марапат

Рудный қаласында су батып бара жатқан адамдарды құтқарған екі бірдей батыр марапатталды. Өкінішке қарай, ержүректердің ең жасы ерлікпен қаза тапқан.
Аттары ардақталған батырлардың бірі – 29 жастағы Руслан Темірбаев осы жылдың 14 шілдесінде Рудныйдағы шомылуға рұқсат берілмеген жағалауда суға батып бара жатқан балаларды құтқарып қалған еді. Руслан өз көзімен куә болғандай, әуелі қыз бала су астына кетіп, оны құтқаруға екі жеткіншек ағасы ұмтылған, олардың соңынан ересек әйел көмекке жүгірген. Ақырында барлығын бірдей тұңғиық тарта бастаған. Руслан оларды бір-бірлеп жағаға аман алып шықты, тек, өкінішке қарай, бір жеткіншекті құтқарып қалу мүмкін болмады. Ажалын судан тапқан ұл бала қаладағы №19 орта мектептің 12 жастағы оқушысы Полат А. болатын.
Төтенше жағдайлар басқармасы Руслан мен Полатты марапатқа ұсынды. 
ҚР ТЖМ бұйрығымен суға батып бара жатқан адамды өз өмірін қауіпке тіге отырып құтқаруға ұмтылған ержүрек батырлығы үшін марқұм жеткіншек Полат А.-ға "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі тағайындалды. Марапат оқушының туысқандарына табыс етілді – атасы көз жасына ерік берді. Полат осы тамыз айында 13 жасқа толар еді…
Дәл осындай медальді Руслан Темірбаев та алды. Мұнымен қоса оған Рудный қаласы әкімінің құрмет грамотасы табысталды.
"Біз Полаттың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Ол қиындыққа тап болған басқа адамдарды құтқаруға ұмтылды, ал бұл оның үлкен жүректілігінің және жақсы тәлім-тәрбие алғандығының жарқын дәлелі. Руслан Темірбаевты да бейнеттілерге бейжай қарамай, адамдарды судан құтқаруда көрсеткен батылдығы үшін алғыс білдіреміз", – делінеді Рудный әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында. 
 
Iagorod.kz сайтынан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓