COVID-19: +231

29 шілдеде Қостанай облысында коронавирус 231 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 94, Рудный қ. – 43, Б.Майлин ауданы – 20, Жітіқара қ. – 19, Мендықара ауданы – 17, Қарабалық ауданы – 14, Федоров ауданы – 7, Әулиекөл ауданы – 6, Ұзынкөл ауданы – 4, Лисаков қ. – 3, Денисов ауданы – 2, Сарыкөл және Науырзым ауданы – 1.
192 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 34 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған сезіктілер ретінде, 5 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 199 адамда ауру белгілері болды, 32 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 29 шілде аралығында COVID-19-ды 20 255 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 18 359.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓