Нысандарды аралап, жағдайды саралады

Бүгін Қостанай облысының әкімі жұмыс сапарымен Жітіқара ауданына барды.Сапар барысында «Львовский колос» ЖШС егістігін қарап шықты. Серіктестікке қарасты жалпы егіс алаңы 20 877 гектарға тең. Осы жылы Жітіқара ауданындағы жаздық егіс көлемі 216,1 мың гектарды құрады.Одан әрі аймақ басшысы Шортанды өзенінің сол және оң жағалауындағы Жітіқара қаласының шығыс бөлігінің газ тарату желілерінің құрылысымен танысты. Жобаның құны – 1 696 млн теңге. Газ құбырына қосу жоспарланған абоненттер саны 1095-ке жетеді. Құрылысты осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланып отыр.Бұдан кейінгі нысан – Жітіқара аудандық ауруханасы. Бұл мекемеге "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" жобасы аясында «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС өз қаражаты есебінен 175 млн теңге көлемінде компьютерлік томограф сатып алып берген.Сондай-ақ, облыс әкімі Орталық қалалық қазандықтың жай-күйімен танысты. Ыстық судан жылу энергиясын өндетін қазандыққа пайдаланылатын негізгі отын – газ, сондай-ақ резервтік отын ретінде мазут қолданылады.А.Мұхамбетов аудандық мәдениет сарайында орналасқан вакциналау нүктесінің қызметімен де арнайы танысып шықты. Жалпы, 28 шілдедегі мәлімет бойынша Жітіқара ауданында бірінші компонентпен 11 980 адам, ал екінші компонентпен 6 980 адам екпе алған.Сапар қорытындысында облыс басшысы Жітіқара ауданының әкімі Н.К. Өтегеновке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмысты күшейтуді, сондай-ақ халық арасында вакциналауға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓