Екпе алудың маңызы зор
Бауыржан ЖҰМАБЕКОВ,
Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы:
– Ауруға қарсы егу шаралары ерте заманнан басталған. Көптеген инфекциялық аурулардың алдын алудың бірденбір жолы вакциналау. Көне тарихи деректерді ақтарсақ, адамзат баласы небір ауыр дерттен екпе жасату арқылы аман қалғанын анық байқаймыз. Мәселен, оба, шешек сияқты ауру түрлері екпенің арқасында сап тиылды. Вакци-нация қауіпті аурулардан қорғануға көмектеседі. Оған түсіністікпен қарағанымыз абзал. Вакцина білікті медицина мамандарының, көп жылдық еңбек тәжірибесі бар ғалымдар-дың ізденісінің арқасында әзірленеді. Вакциналау арқылы бүгінгі таңда 20-дан аса жұқпалы аурудың алдын алуға болады екен. Оның барлығы Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және оларды халық тегін алуда.
Екпе жасауға атүсті қарауға болмайды. Вакциналаудың маңызы зор. Вакциналау – инфекциялық аурудың алдын алып, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Қазір дифтерия, сіреспе, көкжөтел, тұмау және қызылша сияқты аурудан қорғайтын вакцина бар. Жалпы алғанда, бұл вакциналар жыл сайын 3 миллиондай адамның өмірін әртүрлі дерттен қорғайды деседі. Егер вакцина алсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз. Бүгінгі COVID-19 пандемиясы кезінде вакциналау өте маңызды болып отыр. Осындай жауапты сәтте жақындарымызға жанашыр болып, карантин талаптарын қатаң сақтағанымыз игі. Мен өзімнің отбасым, айналамдағы туыстуғандарым мен әріптестерімнің амандығы, саулығы үшін «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компонентін алдым. Бұл менің қоғам алдындағы жауапкершілігімді сезіне отырып жасаған қадамым.