Ауыл әкімі сайлауына 147 кандидат тіркелді

Сайлау комиссиясы мүшелерінің ақпаратынша, Қостанай облысы бойынша барлығы 160 кандидат ұсынылған, соның ішінде 65 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 95 адам өз-өздерін ұсынған.
  «14 шілде күні сағат 18:00-де сайлау науқанының тағы бір маңызды кезеңі – кандидаттарды тіркеу аяқталды. 14 шілде күнгі сағат 18:00-де ауыл, ауылдық округ және кент әкімдері тізімінде 147 кандидат тіркелген. Соның ішінде 50 кандидатты саяси партиялар ұсынса, 88-і өз-өздерін ұсынған. 12 кандидат түрлі себептермен тізімнен шығарылды. Бесеуі сәйкес келмеуі себебімен тізімнен шығарылды, төртеуі өз кандидатураларын өтініш жазып тізімнен алып тастады, екі кандидат ұажетті құжаттар ұсынбады, тағы біреуі ҰҚК жазған хаттан кейін тізімнен шығарылды. Сағат 18-ден кейін Аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен тағы екі кандидат тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды ұсынбауы себебімен тіркелген жоқ», – деп мәлімдеді Ә.Дуанбаева.           Тіркелген кандидаттардың барлығы куәлік алып, сайлау комиссиясына енгізілді. Сондай-ақ, барлық кандидаттардың жоғары білімі бар, олардың негізгі мамандықтары – экономист, заңгер, оқытушы және ауылшаруашылық қызметкерлері.
  Енді кандидаттардың үгіт-насихат жұмысы басталды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓