Жаңа салық режимі
2022 жылдан бастап мобильді қосымша арқылы алынатын арнайы 1% салық режимі енгізіледі. Бұл туралы Қостанай облысындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмысы басқармасы хабарлайды.
Арнаулы мобильді қосымша – салық режимін қолдану кезінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер міндеттемелерін орындаудың оңайландырылған тәртібін қолдану мақсатында уәкілетті орган әзірлеген мобильді қосымша.
Салық төлеуші мобильді қосымшаны қолдана отырып, мынадай салық режимдерінен арнайы АСР-ға ауысуға құқылы:
-Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
-Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
Бұл режимге өту үшін салық төлеуші келесі шарттарға сәйкес келуі керек:
1) жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбау;
3) қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін тізбеге сәйкес жүзеге асыру;
4) қосылған құн салығын төлеушілер болып саналмау.