Жолшы мамандығына сұраныс көп

– Негізі жол саласын таңдаудың үш негізгі себебі бар. Біріншіден жол саласы үшін елімізде гранттар саны айтарлықтай көп. Бұл дегеніңіз, мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, ата-анаңызға көмегіңіз тиіп, тегін оқуға үлкен мүмкіндік бар. Екіншіден, жол саласындағы мамандықтарға сұраныс өте көп. Мысалы, филиалға заңгер іздеген кезде бір жарты сағаттың көлемінде 200-ден аса түйіндеме келіп түскен. Ал зертханашы (лаборант) іздегенде небәрі 4 түйіндеме келді. Осыдан-ақ, қорытынды шығарсаңыздар болады, – дейді "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" облыстық филиалының директоры Абылай Алшынбаев.
Жолшы болғысы келетін студенттердің жақсы жалақы алуға мүмкіндіктері бар. Биылдан бастап орталық студенттерді ақылы практикаға қабылдамақ.
– Тәжірибе жинап қана қоймай, 85 мың теңге көлемінде жалақы тағайындалады. Мұның барлығы жастарда өз мамандығына деген ынтасын арттырады деп есептеймін, – деді филиал директоры.