Тарихи мұражайларды аралады

Шұбалаң негізгі мектебінің 7-8 сынып оқушылары аудан орталығындағы тарихи мұражайларға саяхат жасап, киелі Торғай жерінен шыққан тұлғалардың өміржолдарымен танысты. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасына бағытталған саяхатты аталған мектептің педагог-психолог маманы Мейрамгүл Әдешова жетекшілік жасап келді. Ғасырлар бойы сақталып келген құнды жәдігерлермен танысты. Рухани құндылықтарды санаға сіңіріп, ғылыми тұрғыда зерттелгендігіне көз жеткізді. Өткен тарих жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқаратыны да белгілі. Мұражай – туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбие-лейтіні сөзсіз. Егемен елдің ертеңгі болашағы өскелең ұрпақ өз жерінің тарихын білгені абзал.
 
Мейрамгүл ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ.
Шұбалаң ауылы,
Жанкелдин ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓