Ірі көлемдегі есірткі тәркіленді

«Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Б.Майлин ауданының 61 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі тәркіледі. Жедел тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай қаласында күдіктінің тізгініндегі "Ваз-21099" автокөлігі тоқтатылды. Салонда, автомобильдің артқы орындығында өсімдік тектес зат салынған екі полиэтилен қап табылды. Сот-химия сараптамасының қорытындысына сәйкес, қаптардың ішіндегі күдікті зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы – 80 келі 160 гр», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Қостанай облысында заңсыз айналымнан 95 келіден астам марихуана және 449 гр синтетикалық есірткі тәркіленіпті.