Кәсібі – қолғап тігу

Лисаковтық 31 жастағы Кристина Логинова ПВХ- қолғап тігетін  цех ашты. Коронавирусқа қарсы тұрудан қорықпаған кәсіпкер  пандемия кезінде өз ісін ашып қана қоймай, дағдарыс кезінде бизнесін өрістете білді.  Қазір Кристина айына тоғыз мың дана жұмысшы қолғаптарын тігеді.  «Мен үшін бұл тосын шешім болды. Дегенмен, өз-өзіме жұмыс істеп, бәрін басынан бастағым келді.  Ол үшін алғашқы жарнаны іздей бастағанда,  облыстық  кәсіпкерлер палатасы жанындағы  «Бастау Бизнес» курстары  есіме түсті.  Сертификат алған соң  «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 6% жеңілдікпен несие алдым», – дейді Кристина Логинова.
Бұл ақшаға кәсіпкер Ресейден жабдықтар мен шикізат сатып алды. Осылайша, Кристина «тақыр жерден тау тұрғызды».  Қорғаныс қолғаптары тек ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда ғана емес, техникалық қызмет көрсету стансаларында,  тіпті,  спортта да сұранысқа ие.
«Әзірге, мұнда мен жалғыз өзім жұмыс істеймін. Бизнесім кеңейіп жатса, қосымша жұмыс күшін тату ойда бар.  Жақын арада ПВХ-дан нүктелік жабын өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмын. Нүктелерді табу қиын, оларды алыстан әкелу  керек. Сондықтан, оларды өзім жасаймын деп шештім», – дейді  Кристина Логинова.
 
Айбек Ибраев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓