Көрген көзде жазық жоқ
Орысшасы болмағанда не етер ем? Қазақшасын түсіне алмай кетер ем… (Қостанай қаласы, Досжанов-Мәуленов көшелері қиылысы)
Орысшасы болмағанда не етер ем? Қазақшасын түсіне алмай кетер ем… (Қостанай қаласы, Досжанов-Мәуленов көшелері қиылысы)
Қостанай қаласындағы Тәуелсіздік көшесі "Таран" атауынан арылғалы бақандай екі жыл өтті. Былтырлары көше бойындағы кейбір ауыстырылмай қалған маңдайша жазуды сынға алған едік. Сөйтіп, олқылықты көшеден...
Жүре берсең, көре бересің, көз үйренсе, көне бересің… Қостанайда. Суретті қостанайлық оқырманымыз жолдады.
"Н" мен "Ң"-ды ажыратуды қашан үйренер екенбіз? (Тәуелсіздік көшесіндегі "тәуелсіз" мәтін)
Естеріңізде болар, осыдан бір апта бұрын ғана ұлт көсемі Ахаңның тегі қате жазылған сурет жариялаған едік. Қас қылғанда, "жазғыштар" Ахаңның рухани серігі Жахаңды да (Міржақып) кемсітіп қойыпты....
Қарабалық ауданындағы мемлекеттік мекеменің маңдайшасынан мынадай қателікті көзіміз шалды. Негізінде, "Тоғұзақ элеваторы" акционерлік қоғамы" болуы керек еді. Өкіншіке қарай, осы сынды олқылықты көптеген аудандардан кездестіріп...
Ұлы Абайдың бұл суретінен қандай кемшілік байқадыңыз? Жауабын пікір алаңына қалдырыңыз. (Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жиналыс залында ілінулі тұр. Студенттер мұның бұрыннан бар екенін айтады…)