Абай мұрасы – халық ұлағаты
Сан ғасырға жүк болатын Қазақ халқының ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасы қай кезде де өзіндік құндылығын жоғалтқан емес. Күні бүгінге дейінгі қазақ тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше екені сөзсіз. Күні кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде мерекелеу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Енді міне ағымдағы жылдың 10 тамызы – «Абай күні» деп бекітілді.
Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жүр. Деседе, алдағы уақытта Абай күнін жылда тойлау арқылы ақын шығармалары жаңғыру деңгейіне жететіні анық. Бұл күнді мерекелеуде ақын шығармашылығын одан әрі зерттеуге, зерделеуге бет бұрғанымыз дұрыс. Оның шығармашылығын кеңінен насихаттағымыз келсе, шығармаларын білім ошақтарында пән ретінде оқытса артық емес. Қорыта келе, Абайды тану арқылы біз өз болашағымызды бағдарлаймыз. Дана Абайдың терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөзері қай заманда болмасын жарқырай берері хақ. Оның мұрасы жас ұрпақпен бірге жасай береді деген сенімдемін.
Мейрамбек БЕЙСЕНБЕК,
Жанкелдин аудандық Жастар
ресурстық орталығының маманы.