Абайды алғаш дәріптегендер – біздің жерлестер

Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын алғаш болып таныған әрі дәріптегендер қатарында біздің жерлестеріміздің болғаны зор мақтаныш.
a42a2aa6c7440291c38ba9adc5892a56
Алаш қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында мақала жазып, «Қазақтың бас ақыны» деп бағалады.
Кулжанова
Ал қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби журналист Нәзипа Құлжанова 1914 жылы Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырып, ұлы ақын мұрасы туралы орыс тілінде баяндама жасады.
 
Imxo0DvDUs0
Торғай ақындық мектебінің ірі өкілдерінің бірі Әбіқай Нұртазаұлы ұлы ақынның шығамаларымен 1923 жылы танысып, «Абайды оқығанда» деген өлең жазады:
Өмірде кез болған-ды талай ақын,
Солардың бәрінен де Абай ақын.
Жаттадым қыр ақынын, Сыр ақынын,
Болмақшы бірақ одан қалай жақын?!
 
Табармын сенен өткір сөзді қайдан,
Ой жүйрік томаға көз құралайдан
Келтірмес сөз нақышын дәл өзіңдей,
Басқасы біз білетін бір құдайдан.
Хакім өлеңдерінің бұлақ суындай мөлдір, таза екендігін, қалғып жатқан жанын жадыратып, ойын тар жұмақтан кең аңғарға алып шыққанын, ұлы ақын өлеңдерін ымыртта бастап, таңға дейін бір жолын ұмыт қалдырмай оқитынын айта келіп:
                       Сөз қуып сүрең болған мен сорлыны
Кетті ғой сен келгелі үміт тастап, –
дейді.
Осы ойын қара сөзінде де қайталап: «Елуге жеткенше есіміз кірмепті.   Абай өлеңдерін оқыдым. Егер дүниеде Абайдай алымды да, шалымды ақын барын білсем, қалам ұстамаған болар едім. Ендігі тіршілікте өзім жетер, сөзім жетер жерге Абай өлеңдерінің шыны мен сырын уағыздай алсам, өзімді армансызбын дер едім. Абай – өлең тәңірісі екен», – деп жоғары баға береді Әбіқай Нұртазаұлы.
Серікбай оспанов
            Серікбай Оспанұлы,
            ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ профессоры.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓