НЕ НӘРСЕГЕ ДЕ БЕЙІМ БОЛАЙЫҚ
Әлемді жайлаған COVID-19 салдарынан, біздің қоғам екі айда төтенше жағдайда өмір сүруге әбден бейімделіп алды.
Әлеуметтік қашықтық, гигиена ережелерін жаппай меңгеру, әр адамның өзара қарым-қатынасы мен ара қашықтығын сақтау – белгілі бір нормаға айналды. Бұл тәртіп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін тоқтату жөніндегі бүгінгі шешімінен кейін де маңыздылығын сақтайды. Жалпы карантиндік шаралар қазақстандықтардың денсаулығын әлі де қорғауы тиіс.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Іргелі зерттеулер институтының директоры ретінде мен, Мемлекет басшысының: «Беделді ғалымдар мен сарапшыларды тарта отырып, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес құру», «елдегі барлық оқу орындарындағы цифрландыруды аяқтау», «білім беру бағдарламалары мазмұнына шолу жасап, оларды қол жетімді және интерактивті ету», «экономика мен қоғамды цифрландырудың барлық процестеріне жаңа серпін беру» мәлімдемелерінің маңыздылығына тоқталғым келеді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған талаптарды жүзеге асыру сіз бен біздің қолымызда екенін атап өткен жөн.
Меніңше, төтенше жағдайды жоюдың мәні – вирус жайлаған әлемдегі қалыптасқан дағдарысқа қарсы кешенді экономикалық шараларды ертерек әзірлеу қажеттілігінде жатыр. Осы орайда, мемлекет басшысының белсенді әрі батыл қадамға барып отырғанын айта кеткен жөн.
Әлімжан Бекмағамбетов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.