Жолдағы жұмыс тоқтамайды
Елдегі төтенше жағдайларға байланысты Президент қаулысымен бірқатар шектеулер енгізілгені белгілі. Алайда халықтың тұрмысын қамтамасыз ететін қызмет өкілдерінің жұмысы тоқтамайды. Солардың бірі – жол сапасын бақылаушылар. Жалпы, Қостанайда 5 жол жабыны қайта жаңартылады. Олар:
1. Павлов және Байғамбетов көшелерінің қиылысы, Алтынсарин көшесі.
2. Қайырбеков көшесі, Лермонтов көшесінен жылыжай комбинатына дейін;
3. Чкалов көшесінің басы, Абай мен Гашек көшелерінің шекарасы.
4. Әл-Фараби көшесі, Майлин көшесінен бастап Перронный көшесіне дейін;
5. Генерал Арыстанбеков көшесінің шекарасы, Чкалов көшесінен Абай даңғылына дейін.

Бұл жол учаскелері биыл қалпына келтірілетін болады. Қостанай облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалайды. Қазірдің өзінде автомобиль жолдарын қайта жаңарту учаскелерінде жол-құрылыс материалдары іріктеліп алынды.
– Одан әрі филиалдың сынақ зертханасына тасымалданады. Қиыршық тас және құм сияқты инертті материалдарды сынау физикалық-механикалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Егер міндетті көрсеткіштердің бірі стандарттардың талаптарына жауап бермесе, толық жол құрылысында материалды қолдануға тыйым салу туралы қорытынды шығарылады, – дейді орталық мамандары.
Жол активтері сапасының ұлттық орталығы карантин кезінде өз зертханасында антисептиктер жасады. Оларды Тобыл қаласының балалар алаңдарында апарып қойған.
Айта кетейік, қазір көшелерде барлық автокөлік түрлері қозғалысы шектелді. Бірақ азық-түлік таситын жүк көліктеріне рұқсат берілген. Тиісінше, олардың жүріп-тұруы қадағаланады.