Танысына пышақ салды

Қостанай облысында 34 жастағы әйел бірге тұратын ер адамына пышақ салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.нож
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ұзынкөл ауданының Новопокров ауылында болған.
«34 жастағы жергілікті тұрғын бірге тұратын 40 жастағы ер адамның мойнына пышақ салды. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Қылмыс жасағаны үшін күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабымен соталды тексеру шаралары жүріп жатыр.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓