Әлеуметтік көмекті кімдер алады?
Өңір басшысы Н.Садуақасовтың қатысуымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде Қостанай облысындағы әлеуметтік көмек түрлері туралы айтылды.

Әлеуметтік көмек туберкулез ауруына шалдыққандарға төленеді. Бұл көмек облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (27 780 теңге) беріледі. Өрт және табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға да қолдау бар. Мұндай шара былтыр Таран ауданындағы су тасқынынан соң бекітілген болатын.
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың да мүддесі ескерілген. Оларды санаторий және оңалту орталықтарына орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған көмек 2012 жылы облысымыздағы төрт ауданда жүзеге асты, – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Жаулыбаев.
Қымбат
ДОСЖАНОВА