Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегінен бастап бүкіл әлемдік жүрек күніне орай елімізде қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу мақсатында онкүндік ұйымдастырылады.
“Сау жүректі таңда” деген ұранмен өткізілетін аталмыш шара аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының мамандары түрлі акциялар мен семинарлар, тренингтер мен дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.