Тағы екі адам…
Куәгерлердің сөзінше, екеуі де өзеннің рұқсат етілмеген жерінде шомылған, оның үстіне мас болған. Қайғылы жайт Алтынсарин ауданы мен Рудный қаласында болған.
22 маусымда таңертең Алтынсарин ауданының Первомай ауылынан 45 шақырым жердегі жасанды көлде 34 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Ол суға кешкісін батып кеткен. Жергілікті тұрғын рұқсат етілмеген жерде мас күйінде шомылған.
Осыған ұқсас жағдай Ружный қаласында 23 маусым күні болды. Ол жақта Тобыл өзеніне 41 жастағы ер адам батып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ол да алкогольдік ішімдік ішкен.
Сараптама тағайындалды.